🍴 Үй жағдайында балмұздақ жасау
🔸 Кілегей 35,1% - 200 мл.,
🔸 Қант пудрасы - 3 ас қасық,
🔸 Таңқурай - 0,5 стақан.
🍴 Кілегейдің майлылығы 35 пайыздан жоғары болу керек, майлылығы одан төмен болса, кілегей көпірмейді.
Кілегей міндетті түрде өте суық болу керек. Дәл жасаудың алдында бірақ шығарыңыз тоңазытқыштан.
Кілегейді миксермен орташа жылдамдықпен араластырамыз.
Басында кілегей өте сұйық болып, көпірмейтіндей көрінеді. Бірақ 2-3 минуттан кейін кілегей қоюлана бастайды.
🍴 Сәл көпіре бастағанда, біртіндеп қант пудрасын саламыз да, әрі қарай араластырамыз. Тағы 5-6 минуттай араластыру керек.
🍴 Қант пудрасы араласып, кілегей қоюланған кезде бірден тоқтату керек. Өйткені көп араластырсаңыз, кілегейдің сары су бөлініп, май болып кетеді.
🍴 Таңқурайға 1 шай қасық қант пудрасын салып, шанышқымен езгілейміз. Қатты майдалау қажет емес.
🍴 Таңқурайды кілегейге қосамыз да, араластырамыз. Біркелкі етіп араластырмаған жақсы, сонда тәтті кілегейдің арасынан қышқылтым таңқурайдың дәмі жақсы шығып тұрады.
Контейнерге салып, мұздатқышқа қоямыз. Балмұздақ 1,5-2 сағаттан кейін дайын болады.